Маңғыстау облысында су құдығына құлаған бала комаға түсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында су құдығына құлаған бала комаға түсті

444

Smiley face

Баланың құдыққа құлауының бірінші жағдайы Мұнайлы ауданында орын алды. Ақтау қаласының Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне су құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауыр халде жеткізілді.

"Дәрігерлер баладан суға батуды диагностикалаған. Баланы бірден реанимациялық бөлімшеге қойып, бала бір тәуліктен артық комада ес түссіз жатты.  Бақытымызға орай, реаниматологтар баланы кома күйінен шығара алды. Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезініп, ем алуда", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Баланың ата-анасының айтуынша, оны құдықтың ішінде тапқан. Алайда ересектер баланың суда қанша уақыт өткізгенін түсіндіре алмады.

Осындай жағдай Тельман кентінде үш күннен кейін орын алды. Мұнда бір жасар бала құдыққа құлап кетті. Баланы облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізді.

"Баланы құтқарып қалды, қазір оның жағдайы тұрақты. Ата - аналарға өздерінің балаларын мұқият қадағалап, оларды қауіп-қатерден қорғауға тырысу үшін жүгінеміз", - дейді Азамат Сәрсенбаев.


Көзі: yunews.kz