Браконьерлерден ақбөкен мүйізі, пышақ, ара, мылтық пен патрондар тәртіп сақшылары тәркіленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Браконьерлерден ақбөкен мүйізі, пышақ, ара, мылтық пен патрондар тәртіп сақшылары тәркіленді

444

Smiley face

Әйтеке би ПБ қызметкерлері "Охотзоопром" ММ инспекторларымен бірлесіп, "Қарабұтақ-Қостанай" тас жолының бойында орналасқан "Үйтас" теміржол өткелінің жанында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғын мен жолаушының басқаруындағы "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін ұстады. Автокөліктің салонында полиция қызметкерлері 4 дана ақбөкен мүйізін, 1 ас үй пышағын, 1 қол арасын, 12 калибрлі "Бурсан" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, 32 дана 12 калибрлі патрондар тауып, тәркіленген. Сондай-ақ күдіктілердің кінәсі де бар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында ақбөкенді заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркелді.


Көзі: yunews.kz