Ақтауда қарбыз бен балмұздақ сататын заңсыз сауда орындары жабылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда қарбыз бен балмұздақ сататын заңсыз сауда орындары жабылды

444

Smiley face

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мамандары Ақтау қаласының белгіленбеген жерлерінде сауда нүктелері бойынша рейдтер ұйымдастырды.

"Рейд барысында қауын, қарбыз, сүт өнімдері, сусындар мен балмұздақтарды заңсыз сату анықталды. Бұл нүктелер жабылды. Мамандар кәсіпкерлер үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауда орындарын заманауи талаптарға сәйкес қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар берді", - деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында сауда нүктелері иелерінің көпшілігінде сауда және өнімнің өзі үшін рұқсат құжаттарының болмағаны анықталды. Жалпы 20-дан астам сауда орындары тексерілді.

Осыған ұқсас тексерулер Өмірзақ, Приозерный және Приморский кенттерінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері "Нитратсыз өмір" акциясы аясында ең танымал сауда орындарында қарбыз бен қауын сынамаларын алған болатын. Акция барысында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерінің 44 сынамасы нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігі тексерілді. Шымкент пен Түркмениядан келген қарбуза мен қауындарда жеткізілген жеті сынамада нитраттардың құрамы бес есе асып кеткен. Мамандар Маңғыстау тұрғындарына ерте бақша өнімдерін сатып алудан бас тартуды ұсынды.


Көзі: yunews.kz