Алматы әуежайының жолаушылары өзімен бірге не алып келеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы әуежайының жолаушылары өзімен бірге не алып келеді

444

Smiley face

Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің қызметкерлері соңғы жарты жыл ішінде жолаушыларды алып өтуге тырысқан тыйым салынған заттардың есебін жүргізді.

Барлығы 3 519 жолаушы тасымалдау Ережесін бұзды, 115 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Жолаушылардың багажында немесе қол жүгінде 245 бірлік түрлі қарулар мен арнайы құралдар (оның ішінде 2 бірлік суық қарулар және біреуі – атыс қарулары), сондай-ақ 144 бірлік оқ-дәрілер дер кезінде табылды.

Сонымен қатар, ресми түрде өткен жылы Алматы әуежайы арқылы 2 233 қару тасымалданды.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі еске салады: көптеген жолаушылар аңшылық құрал-саймандарын алып өту ережелерімен таныс емес болғандықтан, ұшақ бортында сіздің рұқсат беру құжаттарына енгізілген қарудың кез келген түрін, сондай-ақ оған 5 кг дейін оқ-дәріні алып өтуге болады. Әрине, аңшылық билеті және атыс қаруын иелену мен тасымалдауға рұқсат болған жағдайда - бұл құжаттарды рейске тіркеу кезінде ұсыну қажет. Ұшу кезінде қару мен оқ-дәрілерді алып, арнайы контейнерге салады,оларды жолаушы ұшып келу әуежайына келгеннен кейін алады.


Көзі: yunews.kz