Елбасы халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға шақырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елбасы халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға шақырды

444

Smiley face

Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы министрліктің ағымдағы қызметі туралы, сондай-ақ жаңа экологиялық кодексті әзірлеу процесі туралы хабардар етті.

Қазақстан Президенті қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет.

Мемлекет басшысы халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысқа волонтерлерді тартуға шақырды.


Көзі: yunews.kz