Арыс қаласының оқушылары Шығыс Қазақстанға келді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласының оқушылары Шығыс Қазақстанға келді

444

Smiley face

Арыс қаласының 150 оқушысы Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы лагерьлерде демалып, жаз маусымын көңілді өткізетін болады. Теміржол вокзалының перронында оларды музыкамен және дәстүрлі шашумен жылы қарсы алды. Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев балаларды құттықтады.

«Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтың Отанына қош келдіңіздер. Сіздерге  жақсы көңіл-күймен демалып, үйлеріне оралуларыңызға тілектеспін", - деді А.Садырбаев.

Айта кетейік, 9 шілдеде келген 150 бала үш жазғы лагерьге бөлінеді: Глубокое ауданындағы «Дарын», Катонқарағай ауданындағы «Арайлы Шығыс» және Семей қаласындағы «Қарағайлы» шипажайы.

Smiley face

«Қарағайлы» шипажайында Арыс қаласынан келген балаларды демалудан басқа сауықтыру бағдарламасы да күтіп тұр. Олар тұзды үңгірге барып, оттегі коктейльдерін ішеді. Сауықтыру дәрігерлерінің бақылауында болады. Балаларға көңілді болады деп сенемін.  Лагерьде күн сайын қызықты бағдарлама қарастырылған. Олар қаламыздың көрікті жерлерімен танысып, Абай ауданындағы «Жидебай» мұражайы мен тау шатқалына барады», - деп атап өтті Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Smiley face

Жалпы, Арыс қаласының балаларын облыстың жазғы лагерьлерінде ұмытылмас демалыс күтеді. Бағдарламада: жорықтар, өзендер мен көлдерде шомылу. Тәжірибелі, шығармашылық нұсқаушылар мен вожатыйлар балалардың жазғы демалысын Шығыс Қазақстандағы ұзақ уақыт есте сақтау үшін барлығын жасауға дайын.


Көзі: Yunews.kz