Меркель тағы да қысылып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Меркель тағы да қысылып қалды

444

Smiley face

Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде Финляндия Премьер-Министрі Антти Риннемен кездесу кезінде өзін тағы да жайсыз сезінді, деп хабарлады РИА Новости.

Жарияланған кадрларда Меркель мен Ринне әнұран тыңдап тұрған кезде канцлер кенеттен қатты дірілдеп кеткен. Бірақ, ол орнынан жылжымаған. Кейін Меркель журналистерге жағдайы қалыпты және мазасыздық үшін себеп жоқ деп мәлімдеді.

Бұл бір ай ішінде болған осындай үшінші оқиға. Маусым айында ГФР канцлері Берлинде Украина Президенті Владимир Зеленскийдің құттықтау рәсімі кезінде өзін жайсыз сезінді.

Бірнеше күннен кейін жағдай ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қабылдауында қайталанды. Содан кейін канцлерге стаканмен су ұсынды, ол бас тартты.

 


Көзі: Yunews.kz