Тиват-Домодедово рейсін орындап келе жатқан ұшқыштың әуеде жүрегі қысылып қалған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тиват-Домодедово рейсін орындап келе жатқан ұшқыштың әуеде жүрегі қысылып қалған

444

Smiley face

Тиват-Домодедово рейсін орындап келе жатқан ұшқыштың әуеде жүрегі қысылып қалған. Соған байланысты, Калуга әуежайына шұғыл түрде қонған ұшақтың жолушыларын «Montenegro Airlines» авиакомпаниясы Москваға жеткізуге уәде беріп отыр,деп хабарлайды РИА Новости.

Калуга қаласының шұғыл қызметінің өкілі хабарлағандай, ұшқыштың жүрек талмасы себеп болған. Ұшқышқа қажетті медициналық көмек көрсетілді және оның жағдайы тұрақтанған.

«Жолаушылар мен экипаждың өміріне бір сәтке қауіп төнген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесін жұмыс кестесіне тез арада қайтару және жолаушыларды белгіленген жерге жеткізу үшін жұмыс жасалуда», - деп атап өтті авиатасымалдаушы.


Көзі: Yunews.kz