Атырау облысында заңсыз сатылған мемлекет мүлкі қайтарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында заңсыз сатылған мемлекет мүлкі қайтарылды

444

Smiley face

Атырау облысы Жылыой ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз сату және пайдалану деректерін анықтады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлік аукциондарда сатылады. Алайда, «Жылыой Су» КМК құны 16 млн теңге металл сынықтарын (су құбыры желісі және су толтыру ыдысы) сатып алу-сату шартын жасаған.

Сонымен қатар, Құлсары қаласының әкімдігі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережесін бұза отырып, «ЖылыойТазалық» ЖШС -не құны 32,4 млн.теңге тұратын коммуналдық арнайы техниканы тендерсіз берген», деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, қазіргі таңда бұзушылықтар жойылып, жалпы құны 48,4 млн.теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды. 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: Yunews.kz