Ақпарат құралдарын қолдайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақпарат құралдарын қолдайды

444

Smiley face

Ұлыбритания мен Канада әлемдегі ақпарат құралдарын қолдауға 19 миллион фунт стерлингті аударады, деп мәлімдеді Біріккен Корольдіктің СІМ басшысы Джереми Хант.

«Бүгін біз медиа еркіндігі - Батысқа ғана емес, әмбебап құндылықтардың бір бөлігі екенін мәлімдейміз. Еркін медиа арқылы ашық пікір алмасу қоғам дамуына, бүкіл халықтың бірегейлігі мен креативтілігін ашуға мүмкіндік береді», - деді министр Лондонда өтіп жатқан БАҚ еркіндігін қорғау жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Британия мен Канада ЮНЕСКО-ның медиа қорғау жөніндегі Ғаламдық қорына үш миллион және бір миллион фунт стерлинг аударады. ЮНЕСКО қоры журналистерді қолдауға, дайындауға және заңды қолдауға ақша жұмсайтын болады.

Қор сондай-ақ журналист-фрилансерлерді қолдау құрылымдарын құруды қолдайды, қауіпсіздік бойынша тренингтер өткізеді, азаматтық журналистиканы қолдайтын болады, деп хабарлады РИА Новости.


Көзі: Yunews.kz