ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

444

Smiley face

Ермек Аманшаев жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Оны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі етіп тағайындады.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 5 жылдан астам қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Е. Аманшаев мәдениет вице-министрі, «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті бола отырып, отандық кинематографияны дамытуға және жаңа буын саласының білікті кадрларын дайындауға елеулі үлес қосты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.


Көзі: Yunews.kz