Вашингтон Халықаралық ғарыш станциясы бойынша Ресей Федерациясымен әріптестікті жалғастыруға тиісті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Вашингтон Халықаралық ғарыш станциясы бойынша Ресей Федерациясымен әріптестікті жалғастыруға тиісті

444

Smiley face

АҚШ пен Ресей Халықаралық ғарыш станциясындағы ынтымақтастықты жалғастыратын болады, деп мәлімдеді НАСА басшысының орынбасары Уильям Герстенмайер.

Бұдан бұрын ХҒС жобасы бойынша серіктес елдер 2024 жылға дейін станцияны пайдалану туралы келіскен болатын. Қазіргі уақытта ХҒС жұмысын 2028-2030 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі талқылануда, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тың Дональд Трамп әкімшілігінің шешімімен 2025 жылы ХҒС тікелей қаржылық қолдауын тоқтатуды жоспарлап отыр, одан кейін НАСА станцияда зерттеу жобаларын іске асыру үшін коммерциялық серіктестерге сенім білдірмек. Наурыз айында Роскосмос бас директоры Дмитрий Рогозин Халықаралық ғарыш станциясын пайдалануды ұзартады деп мәлімдеген болатын.


Көзі: Yunews.kz