Қазақстанда есірткі мен жүйкеге әсер ететін дәрілер тізімі бекітілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда есірткі мен жүйкеге әсер ететін дәрілер тізімі бекітілді

444

Smiley face

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі бекітілді. Сондай-ақ, заңсыз айналымда табылған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын шағын, ірі және аса ірі мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кесте, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі атомдары, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар орынбасарларының тізімі бекітілді, деп хабарлайды online.zakon.kz.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі 1961 жылғы есірткі құралдары туралы Бірыңғай Конвенцияның, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның және Қазақстан Республикасы 1998 жылы қосылған 1988 жылғы Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенцияның тізімдері негізінде жасалады.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың төрт кестеден және тізімінен тұрады.

Осылайша, есірткі құралдарының тізіміне 73 препарат кіреді, атап айтқанда, аллилпродин, альфамепродин, бензетидин, героин, гашиш, анаша, метадон аралық өнім, норморфин, фенадоксон және т. б.

Бақылауға жататын психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне синтетикалық Каннабиноидтар, аминорекс, метаквалон, парагексил және т. б. қоса алғанда, 61 атауы енді.

Сондай-ақ медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар көрсетіледі.


Көзі: yunews.kz