Қазақстандық жеңіл атлет Неапольдегі Универсиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық жеңіл атлет Неапольдегі Универсиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды

444

Smiley face

Қазақстандық жеңілатлет Михаил Литвин Неапольдегі Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

400 метрге жүгірудің финалында Литвин 45.77 нәтижесімен мәре сызығын екінші орын алды. Жарыс жеңімпазы мексикалық Валенте Мендоса Фалькон болды. Үшінші орынды ОАР өкілі Гардео Эдвард Исакс иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай бірінші орынға ие болды. Әлем Универсиадасының "күмісін" Нариман Курбанов пен Милад Карими жеңіп алды. Сондай-ақ, стендтік атудан ("скит") екінші болып Зоя Кравченко, ал Сарсенкүл Рысбекова стендтік атудан "қола"жеңіп алды.  Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Көзі: yunews.kz