Қазақстандық дәрігерлер клиникалық медицина жөніндегі жаһандық деректерге қол жеткізеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық дәрігерлер клиникалық медицина жөніндегі жаһандық деректерге қол жеткізеді

444

Smiley face

The British Medical Journal (BMJ) – медициналық білімнің жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» оқу бастамасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» оқу бастамасы - Қазақстанда инфекциялық ауруларды анықтауды, диагностикалауды және емдеуді жақсартуға бағытталған үш жылдық бағдарлама.

Кез келген денсаулық сақтау жүйесінің негізгі артықшылығы оның медицина қызметкерлерінің білімі болып табылады. Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі артта қалып отыр, себебі дәлелді ақпарат пациенттерге тікелей қызмет көрсететіндерге жеткілікті түрде тез жетпейді. BMJ бастамасы қазақстандық дәрігерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтады.

Бұл бастама қазақстандық дәрігерлерге BMJ: BMJ Best Practice және BMJ Learning дәлелдеу құралдарын ұсынады. Дәрігерлер нақты уақыт режимінде орыс және ағылшын тілдеріндегі ресурстарға қол жеткізе алады.

BMJ мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы үш жылдық келісімге қол қою шарасы 11 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында «Жұмбақтас» қонақ үйінде өтті.

Іс-шара Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен өтті. Іс-шараға Ұлыбритания елші, BMJ компаниясының басшылығы, басқа да халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ұйымдарының, ҒЗИ, ұлттық орталықтары мен медициналық университеттерінің өкілдері қатысты.

BMJ стратегиялық әріптестік жөніндегі директоры Эшли МакКимм:

«Біз ДСМ осы маңызды оқу бастамасында біздің серіктесіміз болатындығына қуаныштымыз және медицина қызметкерлерімен өз тәжірибемізбен бөлісу мүмкіндігін тағатсыздана күтеміз.  Бұл келісім Қазақстандағы дәрігерлердің олардың білімі мен дағдыларын, дәлелді медицина практикасын дамытуға және пациенттеріне нәтижелерді жақсарту үшін біздің ең үздік, марапатқа ие болған құралдарымызға қол жеткізуін қамтамасыз етеді» деді.

Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләззат Ақтаева:

- Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы BMJ бастамасын қолдайды. Біз оның ойдағыдай жүзеге асырылатынына және қазақстандық дәрігерлер дәлелді медицинаның алдыңғы қатарлы жаһандық білімдеріне қол жеткізе алатынына сенімдіміз» деп атап өтті. 

Анықтамалық ақпарат:

BMJ - мақсаты салауаттырақ әлем құру болып табылатын медициналық білімді қамтамасыз ететін жаһандық ұйым. Біз денсаулық сақтау саласындағы нәтижелерді қайта түрлендіру үшін жұмыс істейміз және нәтижелерге қол жеткізу үшін түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтасамыз. Біз денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы қауіпсіздік саласындағы жаһандық басымдықтар бойынша төрт тәсілді пайдалана отырып жұмыс істейміз: дәлелді деректер базасын құру, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, адамдарды біріктіру және біліммен алмасу. bmj.com/company/global-health

BMJ Best Practice - бұл диагностика және емдеу туралы шешім қабылдау кезінде дәрігерлерге жылдам және оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешім қабылдауды қолдаудың онлайн құралы. Бұл құрал күн сайын жаңартылып отырады және диагностика, болжау, емдеу және алдын алу бойынша қадамдық нұсқаулықты ұсына отырып,  соңғы дәлелді зерттеулерге, сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлеріне сүйенеді.

BMJ Learning - бұл медицина қызметкерлеріне өз білімін тексеріп, медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болудың жылдам әрі тиімді жолын ұсынатын он-лайн оқу ресурсы. Онда 70 мамандық бойынша сараптамалық бағалауынан өткен жүздеген ғылыми негізделген оқыту модульдері ұсынылған.


Көзі: yunews.kz