Арыс қаласындағы төтенше жағдай: жөндеу-пайдалану депосы аумағында өрт шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласындағы төтенше жағдай: жөндеу-пайдалану депосы аумағында өрт шықты

444

Smiley face

Арыс қаласында теміржол депосы қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласындағы теміржол депосының ТЧЭ-32 цехында өрт шықты.  Барлық өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтауға жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 55 адам мен 8 техника тартылған. Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына вагондарды жөндеу кезінде дәнекерлеу құралын дұрыс пайдаланбау себеп  болған. Өрттен қала тұрғындарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайды мамандар бақылауына алған»,- деді Сәкен Қалқаманов.


Көзі: Yunews.kz