«КазАвтоЖол» қызметшілері мүдде қорғағаны үшін пара алады – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агентттік - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«КазАвтоЖол» қызметшілері мүдде қорғағаны үшін пара алады – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агентттік

444

Smiley face

Соңғы үш жылда жол құрылысы саласында жүз жемқорлық фактісі анықталған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі жиналыста айтылды.

Ұсталғандардың ішінде «Қазавтожол», «Қазавтодор» компаниясының өкілдері, жергілікті әкімшілік қызметкерлері бар.

Агенттік төрағасы орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, Қазақстан 2018 жылы жол сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-шы орынға түсіп қалған. Олжас Бектенов кезінде істі болған, бірақ қазір де жол құрылысы саласында лауазымды қызметтерде жүргендерді атады. «Қазавтожолдың» Шығыс Қазақстан облыстық филиалын басқарған Өмірбаевтың бұрын жемқорлықпен сотталғанын анықтадық. Бұл дегеніңіз заңды тікелей бұзу. Тек біз араласқаннан кейін ғана қызметтен босатылды.
«Мемлекет жолдар салып жатыр, ал олар бойынша үлкен жүк көліктері жүріп жатыр. Бұған жол бермеуі тиіс көліктік бақылау қызметкерлері пара үшін көзді жабады. Яғни біреулер заңсыз жолмен баюда, ал біз сіздермен бірге жемқорлықтың салдарынан талқандалған жолдармен жүреміз», - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының сапасы бойынша елдер рейтингінде халықаралық сарапшылар Қазақстанды 140 елдің арасынан 106 позицияға түсіріп тастаған. Агенттік өкілі сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы 1424 Call-орталыққа тәулік бойы режимде хабарласуға болатынын айтты.


Көзі: Yunews.kz