Қазақстан Тәжікстанға экспортқа ауыл шаруашылығы техникасын, локомотивтер мен арматура шығарады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Тәжікстанға экспортқа ауыл шаруашылығы техникасын, локомотивтер мен арматура шығарады

444

Smiley face

Душанбеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары аясында «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық экспорттаушылар мен тәжік импорттаушыларының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойды.

«Агромашхолдинг» АҚ, «Тәжіксельхозлизинг» РМБК және «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Қазақстан Тәжікстанға экспортқа ауыл шаруашылығы техникасын, локомотивтер мен арматура шығарады.

«Тәжіксельхозлизинг» республикалық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport қолдауымен «Агромашхолдинг» АҚ-дан ESSIL маркалы қазақстандық құрастырмадағы комбайндар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алады. 

«Тәжіксельхозлизинг» Тәжікстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді лизингке жеткізуге, сондай-ақ клиенттерге сервистік және техникалық қызмет көрсетуге маманданған.


Көзі: Yunews.kz