Семей қаласының тұрғыны өз бақшасында қарасора өсірген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей қаласының тұрғыны өз бақшасында қарасора өсірген

444

Smiley face

Семейде «Көкнәр-2019» және «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында қала тұрғыны өзінің үй маңындағы учаскеде қарасора өсіріп жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері осы мекенжайға барды. Тәртіп сақшылары үй аумағында қарасора тектес есірткі өсімдіктерін тапты.

«Ер адам ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемейді және бұрын сотталған.  Тексеру барысында учаскеден 110 түп қарасора алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Семей қаласының ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Айдос Жұманов.

А. Жұманов ұсталған азамат өз тұтынуы үшін қарасора өсіргенін айтқанын мәлімдеді. Бұл Семей қаласындағы жалғыз оқиға емес. Осы көктемде өз балконында қарасора өсірген қала тұрғыны ұсталған. Қазіргі уақытта іс сотқа берілді.


Көзі: Yunews.kz