Солтүстік Қазақстан облысындап полиция патрулі жолда талып қалған ер адамды ауруханаға жеткізген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысындап полиция патрулі жолда талып қалған ер адамды ауруханаға жеткізген

444

Smiley face

 

Полиция аға сержанты Евгений Шилов пен старшина Қанат Қапаров шұғыл медициналық көмек қажет болған азаматты Петропавл ауруханасына санаулы минуттарда жетуге көмектесті, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атына осы жағдай турыл айтып берген зейнеткерден алғыс хат келді. Қала тұрғыны жақын туысын құтқаруға көмектескен патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін алғысын білдірді.

«Петерфельд-Петропавл» автожолында патрульдік полицейлер кезекшілік еткен. Қала маңындағы Петерфельд ауылынан облыс орталығына дейінгі трассада автокөлік ағыны үлкен. Қабылдау бөлмесіне тез және кедергісіз жету үшін, полиция қызметкерлері еріп жүруді ұйымдастырып, жарқылдауық маяктары мен сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғысын қосады. Жүргізуші авариялық сигнализацияны қосты. 10 минуттан кейін олар ауруханада болды, онда дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде ауруханаға жатқызу науқасқа инсульт немесе инфаркт сияқты елеулі зардаптардан құтылуға көмектескен.


Көзі: Yunews.kz