Арыс қаласының Орталық қалалық ауруханасы бір ай бойы пайдалануға беріледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласының Орталық қалалық ауруханасы бір ай бойы пайдалануға беріледі

444

Smiley face

Арыс қаласының Орталық қалалық ауруханасы бір ай бойы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан ауруханаға ҚР Премьер-министрі бастаған Үкімет комиссиясы барды.

"Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан аудандық аурухананың жартылай зақымдануы орын алды, атап айтқанда, жарылу толқынынан терезелер сынған, шатырдың конструкциясы деформацияланған, ішкі және сыртқы есіктері, үй-жайдың ішіндегі әрлеуі бүлінген . Арыс қаласының Орталық қалалық ауруханасының медициналық жабдықтарын жаңарту 1 тамызға дейін жүзеге асырылатын бастау. Оған қажет қаражат бөлінді. Сатып алу мәселесі жақын арада шешіледі", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Smiley face

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, қазіргі таңда қала тұрғындарын қабылдап, 1 ай ішінде Орталық қалалық аурухана пайдалануға беріледі.  "Қазойлсервис" құрылыс компаниясы "Самұрық-Қазына" АҚ қаражаты есебінен аурухананы қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізуде.


Көзі: yunews.kz