"Санкциялық" тауарларды тек белгілі бір өткізу пункттері арқылы тасымалдауға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Санкциялық" тауарларды тек белгілі бір өткізу пункттері арқылы тасымалдауға болады

444

Smiley face

1 шілдеден бастап Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығы күшіне енді, оған сәйкес "санкциялық" тізімге енгізілген тауарларды тасымалдау шарттары өзгерді, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП.

Жарлыққа сәйкес "санкциялық тауарларды" әкелу авто және т/ж көлігінде ГЛОНАСС пломбасын міндетті түрде қолданған және автокөлік жүргізушілерінде есепке алу талоны болған жағдайда Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы белгілі бір өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ресейде оларға қатысты санкциялар қабылданған тауарларды транзиттік халықаралық автомобиль және темір жол тасымалдарын жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ осындай тауарларды әкелу жүзеге асырылатын өткізу пункттері РФ Үкіметінің Жеке шешімімен айқындалатын болады (Жарлықтың 4-тармағы).

Жарлық 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгеніне қарамастан, РФ Үкіметі "санкциялық" тауарларды әкелудің жаңа тәртібін регламенттейтін шешімді әлі жарияламады. Осыған байланысты Палата кәсіпкерлердің Ресей аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру кезінде РФ Үкіметінің шешімі ресми жарияланғанға дейін қабылданған өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанға тауарларды жеткізу мүмкін болатын шектеулердің алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұрайды.

РФ-да тасымалдауға жаңа талаптарды анықтайтын құжат ресми жарияланғаннан кейін, Ұлттық палата сайтында Ресей аумағы бойынша транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыру тәртібі бойынша ресми түсініктемелер берілетін болады.


Көзі: yunews.kz