Жылдық жоспардан 65% тегін дәрі-дәрмек жарты жылда медициналық ұйымдарға жеткізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жылдық жоспардан 65% тегін дәрі-дәрмек жарты жылда медициналық ұйымдарға жеткізілді

444

Smiley face

58,5 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмектер жылдың алғашқы 6 айында елдің медициналық ұйымдарына жөнелтілді, бұл олардың жалпы жылдық өтінімінің 65%-ын құрайды. Оның ішінде, ҚР ДСМ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, 41 млрд.теңгеден астам сомаға препараттар пациенттерге берілді.  

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, медициналық ұйымдардан түскен қате өтінімдерге байланысты жеткізуде іркіліс жасау мүмкіндігін болдырмау үшін осы жылы Бірыңғай дистрибьютор ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен жария офертаны жасады.

«Оферта аясында түпкілікті өтінімдерді медициналық ұйымдар қалыптастырады, бірақ жөнелту бір рет мәлімделген көлемнің негізінде емес, нақты қажеттілік пен тұтыну жылдамдығы негізінде жүзеге асырылады», - деп түсіндірді «СҚ-Фармация» басшысы. Қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерге қосымша қажеттілікке арналған өтінімдерді тұрақты негізде қабылдап, өңдейді, осы өтінімдердің негізінде жөнелтуге рұқсат қағаздарды ресімдейді және оған сәйкес дәрі-дәрмектерді  өңірлерге таратады.

Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алу жөніндегі мәліметіне қарағанда, бірінші жартыжылдықта амбулаториялық пациенттерді тегін қамтамасыз ету үшін ең көп медициналық препараттар Алматы қаласының емханаларына келіп түсті - ол жаққа шамамен 7,8 млрд.теңге сомаға дәрі-дәрмек тиелген, ал пациенттер қазірдің өзінде 5,3 млрд. теңге сомаға тегін дәрі-дәрмек алған. Жыл соңына дейін мегаполиске медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша 12,3 млрд.теңгеге медициналық өнім түседі.

Көлемі бойынша екінші тегін дәрі-дәрмек алған ШҚО – 9,8 млрд.теңгеге тапсырыс берілген жылдық көлемнен 5,7 млрд. теңгеге дәрілік заттар алынды. Осы өңірдегі емделушілер қазіргі таңда 5,3 млрд.теңгеге тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.

Елордалық медициналық ұйымдарға бірінші жартыжылдықта 6,2 млрд.теңгелік жалпы жылдық өтінімнен  5,6 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмек келіп түсті. Оның ішінде 1 шілдеге дейін Нұр-Сұлтанның амбулаторлық емделушілеріне 3,2 млрд.теңге көлемінде дәрі-дәрмек берілді.

5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмектер Қарағанды облысына, 4,4 млрд.теңгеге - Түркістан қаласына және 4,1 млрд. теңгеге - Алматы облысына жөнелтілді. Қостанай облысы диспансерлік есепте тұрған амбулаториялық емделушілер үшін 2,9 млрд.теңге, Жамбыл – 2,8 млрд. теңге, Атырау – 2,7 млрд. теңге және Қызылорда – 2,6 млрд. теңге сомаға дәрі-дәрмек алды. БҚО және Шымкент қаласына дәрі-дәрмектер 2,5 млрд. теңге, СҚО – 2,4 млрд. теңге, Ақмола облысына - 2,3 млрд. теңге, Ақтөбе облысына - 2,1 млрд. теңге, Павлодар облысына - 1,8 млрд. теңге  және Маңғыстау облысына - 1,3 млрд. теңге сомаға түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, пациенттердің тегін дәрі-дәрмек алуын бақылау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы және «СҚ-Фармация» тұрақты негізде тегін дәрі-дәрмек алатын пациенттерге рецептінің нөмірі мен дәрі-дәрмек беру күні туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар таратады. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс болған жағдайда емделушілер «СҚ-Фармация» байланыс орталығына тегін 1439 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады.


Көзі: yunews.kz