Қазақстандықтар негізгі қарызды толық төлегенде өсімпұлды алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар негізгі қарызды толық төлегенде өсімпұлды алады

444

Smiley face

Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережелері бекітіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов ҚР ПМК-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство жол картасын бекітті. Әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлды есептен шығару бойынша осы науқанды пайдалана алуы үшін халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Салық берешегі жалпы сомасы 20,9 млрд теңгеге 1,4 млн жеке тұлғаларда болды,оның ішінде негізгі қарыз 14,3 млрд теңге, есептелген өсім 6,6 млрд теңге (2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша).

Салық берешегінің 70% (14,4 млрд теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.

Жер салығы бойынша берешек - 12% (немесе 2,5 млрд теңге), мүлік салығына-6,7% (немесе 1,4 млрд теңге).

Борышкерлердің басым бөлігі-жеке тұлғалар Шымкент қаласында шамамен 148 мың, 139 мың Түркістан облысында, 116 мың Жамбыл облысында және 114 мың Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Аймақтар бойынша салық берешегінің ең көп сомасы Алматы қаласында – 5,5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан және Маңғыстау облысында 2 млрд теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд теңге.

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың жеке шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізетін болады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.

Өз сөзінде ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов өткен жылы салық берешегі бар барлық азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсім түріндегі санкциясыз өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.


Көзі: yunews.kz


  • Вадим М.

  • 2019-07-12 11:46:03

Какая прекрасная новость... на первый взгляд. По всей видимости государство нуждается в деньгах, и хотя бы так хотят заставить людей платить налоги. 14 млрд. тенге на полу не валяются.