Ақтау әуежайында жолаушыға көмек көрсету кезінде көлік полицейі жарақат алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтау әуежайында жолаушыға көмек көрсету кезінде көлік полицейі жарақат алды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Маңғыстау стансасындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне патрульдік-бекеттік полиция қызметінен Маңғыстау стансасындағы ҰҚП көші-қон полициясы тобының инспекторы А. Қуанышев Ақтау қаласының халықаралық әуежайының ғимаратын патрульдеу кезінде ер адамның эскалатордан құлауының алдын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Полиция қызметкерінің сауатты әрекеттерінің арқасында ер адам зардап шеккен жоқ. Ол Алматы облысының 61 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ал полиция капитаны оң аяғының тізе буынының жарасын алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.  Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, егде адамның жеңіл дәрежедегі мас болуы", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 2,5 АЕК (6 312 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Көзі: yunews.kz