ШҚО-да қалааралық микроавтобус жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да қалааралық микроавтобус жанып кетті

444

Smiley faceФото: Үржар ауданының ТЖБ

2019 жылдың 12 шілдесінде Үржар ауылының 17-ӨСБ өртке қарсы қызметінің 101 пультіне Семей-Алакөл бағытындағы Үржар-Таскескен автожолында шағын автобус өртенді.

"Өрт салдарынан микроавтобус толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.  Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт сағат 6.30-да жойылды. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда", - деп хабарлады Үржар ауданының ТЖБ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Салонда барлығы 12 жолаушы болған. Олардың барлығы басқа автобусқа көшіп, баратын жеріне жетті.

Smiley face
Smiley face
Фото: Үржар ауданының ТЖБ


Көзі: yunews.kz