Сабаққа қатыспағаны үшін пара - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сабаққа қатыспағаны үшін пара

444

Smiley face

"ҚТЖ" ҰК " АҚ Қарағанды көлік оқу орталығының директоры Д. Қарамышевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д. Қарамышев жүйелі негізде оқу орталығы тобының старостасы арқылы тыңдаушылардан сабақтан босатылғаны үшін, сондай-ақ оларға оқу демалысын бергені үшін пара алған.

А. ж. 11 шілдеде Октябрь аудандық сотының үкімімен Д. Қарамышев пара алғаны үшін 6,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ пара бергені үшін Т. Демесінов пен Д. Баулбеков парақорлыққа делдал болғаны үшін айыпталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz