Kaspi-дің бұрынғы қызметкері клиенттерді алдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Kaspi-дің бұрынғы қызметкері клиенттерді алдады

444

Smiley face

Павлодарда Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев Банктің атымен жасырынып, Kaspi клиенттерін алдады. Бұл туралы банк Instagram-дағы өз парақшасында хабарлады. ⠀

Хабарламада айтылғандай, қызметкер кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмек көрсеткен, зардап шеккендерді өз есебіне аударуға көндіріп, ізін суытқан.

Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізуде.

"Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау және клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтастықта. Алаяқтың өзекті орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 000 000 теңге көлемінде марапат жариялайды", - делінген бетте.

Мәліметтерді Kaspi қауіпсіздік қызметіне мына телефон арқылы хабарлауға болады: +7 705 211 16 93.

Банкпен барлық қаржылық қатынастар шартпен бекітіледі. Банк ешқашан біреудің жеке шотына қаражат аударуды талап етпейді.


Көзі: yunews.kz