Ірі европалық бизнесмендерді Ақтау теңіз портының мүмкіндіктері қызықтырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ірі европалық бизнесмендерді Ақтау теңіз портының мүмкіндіктері қызықтырады

444

Smiley face

Ақтау портына Германия Федеративтік Республикасының Өкілетті Елшісі - Тило Клиннер ҚР-дағы Германия экономикасы Одағының делегациясымен әртүрлі жабдықтарды, өнеркәсіптік сервисті, порт құрылысын, көлік қызметін жеткізуге бағытталған он бес компанияның өкілімен бірге барды.

Олардың ішінде «Thyssenkrupp» – жаһандық өнеркәсіптік концерн, «SAP SE» ұйымдарына арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің неміс өндірушісі, Еуропаның «Lufthansa» ірі концерні.

Тило Клиннер Ақтау портына сапар, ең алдымен, Еуропа мен Орталық Азия арасындағы сауда қарым-қатынастарын қолдау үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын жаңа Транскаспий халықаралық көлік маршрутын қарқынды дамыту шеңберінде үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті.

«Порт президенті Абай Түрікпенбаев қонақтарға Қытайдан Еуропа елдеріне жүктерді жеткізуді қамтамасыз ететін Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша тұрақты контейнерлік желіні ашуға байланысты оның өндірістік мүмкіндіктері мен жақын келешектері туралы айтып берді. Ағымдағы жылдың соңына қарай ауыстырып тиеу көлемі артып, желіде екінші фидер кемесі іске қосылады деп күтілуде. Бірінші вице-президент Мехта Назбан жиналысқа қатысушыларға порттың қызметі туралы толық презентация көрсетті», деп хабарлады Ақтау теңіз портында.

Кездесу барысында Батыс бизнесмендері порттың әртүрлі сервистік жұмыстарға, жабдықтар жеткізуге, теміржолдарға қызмет көрсетуге, сусымалы материалдарды тасымалдау бойынша инфрақұрылым құруға деген қажеттіліктеріне қызығушылық танытты. Порттың жолаушылар круиздік тасымалдарын қамтамасыз етуге дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Соңында маркетинг бөлімінің қызметкерлері қонақтарға толық экскурсия көрсетті.


Көзі: yunews.kz