"ҚТЖ" ҰК " АҚ стансасының бастығы пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"ҚТЖ" ҰК " АҚ стансасының бастығы пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

"ҚТЖ ҰК" АҚ Қызылорда бөлімшесі станциясының бастығы Р. Шолтабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

"Шолтабаев Р. кәсіпкерлерден жүк вагондарын жедел беру және жинау үшін бірнеше рет пара алды.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қызылорда қаласының № 2 сотының үкімімен Р. Шолтабаев 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша баспасөз қызметі.

Сот үкімнің заңды күшіне енген күнінен бастап 1 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады деп түсіндірді. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz