«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды

444

Smiley face
Фото: www.mss.kz

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ»     АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ға  қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізді.

Тексеру барысында аталған ұйымдар радиоактивті қалдықтармен, иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар және қондырғылармен, радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды.

Тексерудің нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.


Көзі: yunews.kz