Семейдегі мазут көлі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейдегі мазут көлі

444

Smiley face

Бобровка саяжай алабының тұрғындары дабыл қағуда. Көшелердің бірінде мазуттан шағын көл пайда болды. Мұнай өнімі жеке аумақтың ауласынан ағады. Соңғы уақытта оның көлемі ұлғайған, дейді тұрғындар.

Аумақта мазуттың жағымсыз иісі бар. Мұнай өнімдерінде жабайы жануарлар: құстар, кірпілер мен егеуқұйрықтар өледі. Оған үй малы да түсіп кетеді. Себебі, жайылымнан қайтқан ешкілер мен сиырлар мазут көлін су екен деп қалады.  «Менің ешкілерім сауылады. Ал мазутқа түсіп келген ешкіні қалай сауасың?»,  дейді жергілікті тұрғын Тимур Мальгиждаров.

Smiley face

Тұрғындар құқық қорғау органдарына шағым бермекші. Өз кезегінде жергілікті экологтар мазут көлі туралы журналистерден біліп, жақын арада сол жерге бармақ болып отыр.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz