Су – тілсіз жау - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Су – тілсіз жау

444

Smiley face

Бірінші оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылында болды. Алты жасар бала Қараөзен өзеніне шомылу кезінде суға кетті. Бұл кешкі сағат 9-да болды. Баланың денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.

Келесі күні қайғылы оқиға Оралда орын алды. Немере ағасы мен әпкесі Елизаров көшесі аумағында өзенге шомылған. Балалардың кішісі - 11 жасар бала суға батып кетті. Қыз бала інісін құтқармақ болған. Бірақ, өзі де суға батып кетті.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, суға батқан қыздың денесін құтқарушылар 40 минуттан кейін тапқан. Ал оның інісінің денесін кешке қарай судан тауып алған. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында 24 адам суға батып кетті, оның 7 – бала.

Соңғы 10 жылда облыста 270 -тен астам адам суға кетті, олардың жартысына жуығы – балалар.


Көзі: Yunews.kz