Қазақстандық дзюдошы қарсыласын жеңді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық дзюдошы қарсыласын жеңді

444

Smiley face

Қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (-60 кг) пен Елдос Жұмақанов (-66 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірген жоқ.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің өкілі Торнике Цжакадоеаны ұтты. Ал Е.Жұмақанов испаниялық Гайтеро Мартин Альбертоны уақытынан бұрын таза жеңді.

Қос қазақстандық спортшының финалдағы қарсыластары моңғол балуандары еді. Е.Сметов соңғы бәсекеде қарсыласын ұтып, алтын медаль алды.


Көзі: Yunews.kz