Ақтауда қала газоны шөбін жеген жылқылардың иесіне айыппұл салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда қала газоны шөбін жеген жылқылардың иесіне айыппұл салды

444

Smiley face

Қазақстанның теңіз астанасы жасыл желектердің болмауынан зардап шегуде. Ал соңғы уақытта тағы бір мәселе – иесіз мал қосылды, ол қала шегіне нұқсан келтіріп, қалалық көгалдандыру алаңдарындағы газон шөбіне зиян келтіруде. Жақында коммуналдық қызметкерлер 19 және 20 шағын аудандардағы жасыл көгалды аралап, газонда жайылып жүрген жылқы табынын қамауға алды.

«Қала аумағында жасыл желектерді жойған 19 жылқы ұсталып, коммуналдық кәсіпорынның қорасына қамалды. Жылқылардың иесі Ғабит Молдахановқа әкімшілік хаттама жасалып, 20 АЕК (50500 теңге) көлемінде айыппұл салынды»,  деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық билік Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы шешіміне сәйкес Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды ұстау қағидалары бекітілгенін еске салады. Оларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, әлеуметтік объектілерден, жаппай демалыс орындары мен балаларды сауықтыру лагерьлерінен қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған арандарда ұсталуы тиіс.


Көзі: Yunews.kz