Арыста 3512 үйге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыста 3512 үйге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

444

Smiley face

2019 жылдың 13 шілдесінде Түркістан облысының Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір 3512 ЖТҚ және КПТҮ нысандарында 5346 құрылысшы еңбек етіп, 231 бірлік арнайы техника жұмыс жүргізде. Осылайша, бір тәулік ішінде құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 280 үйді қамтыды. Сондай-ақ, 1610 құрылысшы 62 әлеуметтік нысанды қалпына келтіруде (53 білім беру нысаны, 6 денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны).

ҚР МИИР бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі. Үйлерді қалпына келтіру қалыпты қарқынмен жүргізілуде, алайда кейбір секторларда жұмысты жеделдету қажет.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.


Көзі: Yunews.kz