Қарағанды облысының ТЖД қызметшілері 8 адамды құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысының ТЖД қызметшілері 8 адамды құтқарды

444

Smiley face

Қарағанды облысының ТЖД қызметшілері 8 адамды құтқарды. Шерубай-Нұра су қоймасында қайық су ағысымен жағалаудан ұзап кеткен, онда ересек адамдар мен балалар болған.

Ішінде 6 адам бар резина қайықты Қарағанды облысының ТЖД қызметшілері жағаға алып шықты. Сол сияқты олар жел екпінімен су айдыны ортасына ұзап кеткен үрмелі матрац үстінде болған тағы 2 адамды жағаға алып шықты.

Демалыс орындарында су айдынында болған кезде:

 - алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзуге;

- жүзуге арналмаған орындарда жүзуге;

- су қоймаларын ластауға;

- балаларға ересектерсіз суға түсуге;

- тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға;

- жеке құтқару құралдарынсыз (құтқару кеудешелері, белдіктер және т. б.) жүзу құралдарында болуға жол берілмейді.


Көзі: Yunews.kz