Жарты жыл ішінде «112» қызметіне 3 миллионнан астам азамат қоңырау шалған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жарты жыл ішінде «112» қызметіне 3 миллионнан астам азамат қоңырау шалған

444

Smiley face

Осы жылдың 6 айында ТЖ оқиғаларын жою үшін ТЖК күшімен авариялық-құтқару жұмыстарына 33 мыңнан астам шығулар жасалды.

Бұл ретте 6 мыңнан астам адам құтқарылды, 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 2 мыңға жуық зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. «112» шұғыл қызметінің телефондарына азаматтардан 3 млн.астам қоңырау келіп түсті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

ТЖК-дегі қорытынды кеңесте азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің жедел-қызметтік іс-әрекетінің нәтижелері, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру, су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі Жол картасын іске асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметі мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою және тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Көзі: Yunews.kz