Балықшы күні Атырауда Жайық өзеніне 5 мың көксерке шабағы жіберілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балықшы күні Атырауда Жайық өзеніне 5 мың көксерке шабағы жіберілді

444

Smiley face

Атырауда балық шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді. Бұл өңір тұрғындары үшін ерекше мереке. Себебі бұл өңірде балық өнеркәсібі дамыған. Сондықтан да мереке қызу аталып өтті.

Әртүрлі спорттық іс-шаралардан басқа, бұл күні балық аулау бойынша дәстүрлі жарыстар, балықты тез тазалау конкурсы, балық жеңсік астары көрмесі өтті. Көптеген қатысушылар дәмді балық сорпасының, балық котлеттерінің рецептерімен, сондай-ақ балықтарды қақтау және ыстау кезіндегі құпиялармен бөлісті. Сонымен қатар, балық шаруашылықтары ау тоқу кезіндегі ептіліктерін көрсетті.

Мереке аясында Атырау облысының тұрғындарына Жайық өзеніне көксерке шабақтарын шығаруға мүмкіндік берді. Жалпы, қала тұрғындары 5 мыңға жуық шабақты өзенге жіберді.

Мереке концертпен аяқталды. Барлық қатысушылар риза болып қана қоймай, балық тағамдарына тойып қайтты.


Көзі: Yunews.kz