Жаңаөзен қаласында жезөкшелер мен жеңгетайлар жайлаған притон анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзен қаласында жезөкшелер мен жеңгетайлар жайлаған притон анықталды

444

Smiley face

Полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласындағы моншаның бірінде жұмыс істеп келген притонды жауып тастады. Жаңаөзендегі криминалдық полиция қызметкерлері ақша үшін жыныстық қызмет көрсететін 11 қызды құрықтады. Полицейлердің мәліметтері бойынша, 20 - 35 жас арасындағы қыздар Қазақстанның көрші қалалары мен облыстарынан келген. Ал притонның ұйымдастырушысы Жамбыл облысының 41 жастағы әйелі болған. Ол әйел мен тағы екі ер адам монша кешенінің клиенттеріне жыныстық қызмет көрсететін қыздарды ұсынумен айналысқан. «Махаббат көбелектері» ол әйелге ай сайын 35 мың теңге беріп тұрған

«Қазіргі таңда притон ұйымдастырушыларына қатысты ҚР ҚК 309 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық)», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеңіл мінез-құлықты қыздарға 17 мың теңге көлемінде айыппұл салынып,  олар тұрғылықты жері бойынша есепке қойылды.


Көзі: Yunews.kz