Шикізат емес экспортты 32 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шикізат емес экспортты 32 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда

444

Smiley face

Вице-премьер Жеңіс Қасымбек таяудағы үш жыл ішінде шикізаттық емес экспортты 32 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Тоқаев өз тарапынан экспорттық өнім желісін кеңейту бойынша жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа өткізу нарықтарын іздеу және қолданыстағы өткізу нарықтарын кеңейту, инвестицияларды тарту бойынша жұмыс істеу қажет.

"Біз сауда және интеграция министрлігін құрдық. Жаңа министрлікке сауда саясатын құруға жүйелі және ұтымды келу, отандық экспортты дамыту, жаңа өткізу нарықтарын іздеу және қолданыстағы өткізу нарықтарын кеңейту жөніндегі тиімді шаралар кешенін әзірлеу қажет. Интеграциялық үдерістердегі келіссөз ұстанымдарын күшейту ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл міндеттерді министр Бақыт Сұлтановтың алдына қойдым. Өткізу нарықтарын кеңейтусіз сапалы инвесторлар бізге келмейді. Мен Үкіметтен, әсіресе жаңа министрліктен нақты ұсыныстар мен нәтижелерді күтемін", - деді Тоқаев.


Көзі: yunews.kz