Әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек!

444

Smiley face

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілерде белсенді болуы керектігін айтты

«Қазір интернет дамыған заманда әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде белсенділік танытқаны жөн. Ең алдымен, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрқайсысында халықпен тікелей жұмыс істейтін және кері байланыс жасап отыратын алаңдардың болуы шарт», - деді Президент. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шенеуніктер әлеуметтік желідегі онлайн-пікірталасқа қатысып, ондағы сұрақтарға жауап беруге болатынын айта кетті.

- Халықпен және бизнеспен тиімді байланыс жүйесін қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу керек. Әр орталық және жергілікті атқарушы органда тікелей және кері байланыс алаңдары тұрақты түрде жұмыс істеп тұруға тиіс. Әлеуметтік желімен жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет. Әр мемлекеттік қызметкер өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік желіде белсенді болғаны жөн. Интернет ғасырында бұл міндет болып табылады. Оларға желідегі талқылауларға қатысып, халықтың сауалына онлайн режимінде жауап беруге болады. Себебі қазір дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары емес, әлеуметтік желі халық үшін ақпарат көзіне айналды. Нәтижесінде адамдар жалған ақпараттың жетегіне еріп кетеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы шенеуніктердің жүргізіліп жатқан саясатты дұрыс түсіндіре білмейтінін, БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланып, қоғам назарына ілінген жағдайлар бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жеткізе алмайтынын да айтты.

- Біз халықтың сенімін цифрлармен, фактілермен, әрекеттермен және адамдардың сыны мен ұсыныстарын елеп-ескеру арқылы қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан халықтың үніне құоақ асатын мемлекет концепциясына көшу қажет. Бұл сауалдардың жауабы мемлекеттік органдардың құрылымынан көрінуге тиіс, - дейді ол.


Көзі: yunews.kz