Тауарлардың электрондық саудасы кезіндегі салық жеңілдіктері - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тауарлардың электрондық саудасы кезіндегі салық жеңілдіктері

444

Smiley face

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларды интернет арқылы электронды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілерге Салық кодексінде корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктері қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. Яғни, Интернет арқылы сауда жасайтын тұлғалар корпоративтік табыс салығын (жеке табыс салығын) төлеуден келесі шарттар сақталған жағдайда босатылады:

- тауарларды сату бойынша мәмілелерді ресімдеу электронды түрде жүзеге асырылады;

- Тауарлар үшін төлем Қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;

- сатып алушыға (алушыға) тауарларды жеткізудің жеке қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы;

Сондай-ақ тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен табыстар жылдық жиынтық табыстың кемінде 90% құрауы тиіс. Осы шарттар сақталмаған жағдайда салық төлеуші салық жеңілдіктерін қолдануға құқығы жоқ.

Жеңілдіктер алу үшін электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар үшін алдымен жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру және Мемлекеттік кіріс органдарына қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу қажет.


Көзі: yunews.kz