Арыс қаласында 1047 үй қалпына келтірілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласында 1047 үй қалпына келтірілді

444

Smiley face

15 шілдедегі жағдай бойынша Арыс қаласында 1047 үй қалпына келтірілді. Тағы 4225 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР МИДБ баспасөз қызметі.

Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 5,9 мыңнан асты, барлығы 17 секторда 245 арнайы техниканы тарта отырып, 194 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 1617 құрылысшы еңбек ететін 62 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған МИИР мамандары Арыстағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.


Көзі: yunews.kz