Өскеменде құтқарушылар суицид жасамақшы болған жас жігітті құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде құтқарушылар суицид жасамақшы болған жас жігітті құтқарды

444

Smiley face

15 шілдеде «112» желісіне белгісіз жас жігіт 9 қабатты үйдің кіреберісінің терезесінен өзін лақтырғысы келетіні туралы дабыл хабар түсті. Оқиға орнына кезекші ауысым және құтқару жасағының психологы шықты.

Келген құтқарушылар қалыптасқан жағдайдың ауыр екенін байқаған. Жас жігіт 9-шы қабаттағы терезенің жақтауынан аяқтарын сыртқа шығарып, секірмекші болып отырған. Психолог Оксана Петрова жігітпен байланыс орнатқанша, құтқарушылар үйдің төбесіне көтеріліп, жас жігітті құтқару операциясын ұйымдастырды.

«Жас жігіт өзіне ешкімді жібермеді, психолог онымен шыдамды әңгіме жүргізді. Ол өзін өте абыржулы ұстап, тыныш жағдайда әңгімелесуден бас тартты», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Содан соң топ басшысы Сергей Голубев кенеттен және жоғарыдан секіріп, жас жігітті ішке итеруге шешім қабылдады. Бұл жауапты сәтте ең тәжірибелі құтқарушы Федор Рыльскийге жұмыс істеу тапсырылды. Сақтандыруды С. Голубев және жас құтқарушы Николай Руденко жүргізді. Ф.Рыльский тігінен құрал-жабдықтардың көмегімен жылдам төмен түсіп, әбжіл қимылмен қатты итеріп, жас жігітті подъездің ішіне қағып құлатты.

Құтқарушылар суицид жасамақшы болған жас жігітті полиция қолына тапсырды.


Көзі: Yunews.kz