«Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысында 1160 бұзушылықтар мен рұқсаты жоқ 67 шетелдік автомобиль анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысында 1160 бұзушылықтар мен рұқсаты жоқ 67 шетелдік автомобиль анықталды

444

Smiley face

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Көші-қон қызметімен және Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп «Такси» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Бірінші кезекте іс-шара жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге, сондай-ақ шетелдіктер тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған.

Іс-шара аясында жүргізушілер арасында тиісті құжаттардың, соның ішінде техникалық байқау, жеке кәсіпкерді тіркеу, жергілікті атқарушы органдарға такси қызметінің басталғаны туралы хабарламалардың және жолаушылар сақтандыру полюстерінің болуына тексеру жүргізіледі.

«Тұрғындар тарапынан жол жүру ережесін өрескел бұзған таксистердің әрекеттеріне, қызмет көрсетпеген такси қызметтеріне, автомобильдерге қатысты көптеген шағымдар келіп түседі. Сондықтан бұл бірлескен рейд көлік тәртібін, автокөлік жолдарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасындағы апаттылықтың алдын алуға, сондай-ақ облыс аумағында тіркеусіз және тиісті құжаттарсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірнеше күн ішінде тексерушілер ҚР ӘҚБтК 590,593, 608, 463 баптары бойынша (жалған нөмірлер, қауіпсіздік белдіктерінің болмауы, мас күйінде болуы, рұқсат беру құжатынсыз автокөлікті жүргізу) 1162 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады.

Сонымен қатар, шетел азаматтарының басқаруындағы 67 автокөлік анықталды, барлық көлік құралдары айыппұл тұрағына салынды. Сонымен қатар көші-қон қызметі ҚР ӘҚБтК 517 бабы бойынша 2 әкімшілік материал (ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу), 11 әкімшілік материал ҚР ӘҚБтК 382 бабына сәйкес сотқа жолданды, 2 материал бойынша ескерту берілді.


Көзі: Yunews.kz