Испанияның шығысында теңіз тасбақасы 200 жылда бесінші рет жұмыртқа басты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Испанияның шығысында теңіз тасбақасы 200 жылда бесінші рет жұмыртқа басты

444

Smiley face

 

Теңіз тасбақасы Испанияның шығыс жағалауындағы жұмыртқа басқан, бұл осы аймақта 200 жыл ішінде тіркелген тек бесінші рет қана жұмыртқа басу дерегі, деп хабарлайды РИА Новости Europa Press агенттігіне сілтеме жасап.

113 жұмыртқасы бар шұңқырды Валенсия автономды бірлестігінде Кастельон-де-ла-Плана қаласындағы жағажайға келушілер тауып алған. Теңіз тасбақасы жергілікті биологтарға өз ұрпақтарының сақталуын аманат етіп, өзі Жерорта теңізіне қайтып кеткен.

Келген мамандар Океанография Қорының инкубаторына 32 жұмыртқаны тапсырды, ал қалғандары Альбуфердің табиғи паркіндегі күзетілетін жағажайдағы ұяға ауыстырылды.

Бұл өңір жағажайларында 200 жыл бойғы бақылау мерзімінде теңіз тасбақасының бесінші рет жұмыртқа басу дерегі ретінде тіркеліп отыр.


Көзі: Yunews.kz