Плагиат болған жоқ! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Плагиат болған жоқ!

444

Smiley face

«Автоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігі кәсіпорны («Роскосмос») корей пилотсыз трактор үлгісін көшіріп алған деген айыптауға жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Екатеринбургте өткен «Иннопром-2019» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде «Автоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігі кәсіпорны кабинасыз, рульсіз және педальсіз пилотсыз трактордың үлгісін көрсеткен. Әлеуметтік желілерде ресейлік трактор «Branson 2500h» оңтүстіккореялық шағын тракторына ұқсайды деген айыптаулар айтылды.

Компанияның айтуынша, бұл ешқандай дәйексіз айыптау болып табылады. Плагиат болған жоқ! Құрастырылған жүйені ресейлік және шетелдік өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кез келген түріне орнатуға болады. Сондай-ақ ол тапсырыс берушінің талаптарына байланысты кез келген шассиге орнатылуы мүмкін.


Көзі: Yunews.kz