10 ата-ана түнде қыдырып жүрген балалар үшін жаза алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

10 ата-ана түнде қыдырып жүрген балалар үшін жаза алды

444

Smiley face

 Елордада "Сарыарқа" ауданының аумағында "Жасөспірім" жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Астана қаласының ювеналды полиция қызметкерлері панасыз өмір сүретін кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде, сондай-ақ түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде болу фактілерін, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, ата-аналарына және осындай мекемелердің иелеріне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдана отырып, анықтауға рейдтік жұмыстар жүргізуде. Іс - шараның мақсаты-жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ профилактикалық есепте және ішкі істер органдарының тізімінде тұрған жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Жергілікті-рейдтік жұмыс жүргізу кезеңінде "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау фактісіне жастардың көп шоғырланатын орындарын пысықтау бойынша жұмыс жандандырылды. Жұмыс барысында 10 ата-ана мен заңды өкіл ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болуы).


Көзі: yunews.kz