Бүгін салық бойынша өсімді есептен шығару арқылы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бүгін салық бойынша өсімді есептен шығару арқылы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде қаржы Министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі. Айта кетейік, заң бүгін, 16 шілде 2019 жылы күшіне енеді.

Әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша осы науқанды пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық берешегі жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын 1,4 млн жеке тұлғаға тиесілі болатын, оның ішінде негізгі қарыз 14,3 млрд теңге, есептелген өсім-6,6 млрд теңге.

Салық берешегінің ең көп сомасы бұл 70% (14,4 млрд теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.

Жер салығы бойынша берешекке 12% (бұл 2,5 млрд.теңге), мүлік салығына 6,7% (бұл 1,4 млрд. теңге) тиесілі.

Борышкерлердің басым бөлігі-жеке тұлғалар Шымкент қаласында шамамен 148 мың, 139 мың Түркістан облысында, 116 мың Жамбыл облысында және 114 мың Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Алматы қаласында салық берешегінің ең көп сомасы – 5,5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында 2 млрд теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд теңге.

Ағымдағы жылдың басынан уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне Дербес шоттарды түгендеу жүргізілді.

Осыған байланысты, осы рақымшылық жасаудың маңызды шарасы жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға салық берешегін есептен шығару мүмкіндігі болып табылады.

Аталған берешек 2002-ші және 2003-ші жылдары жергілікті салық органдарынан жалпы республикалық салық ақпараттық жүйесіне (БСАЖ) ауысқан кезде пайда болғанын түсіндіру қажет.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұндай салық берешегі 16 мыңнан астам жеке тұлғаларда 700 млн теңге сомасына есепте тұр,оның ішінде негізгі қарыз 400 млн теңге, өсім 300 млн теңге.

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.


Көзі: yunews.kz